Жолдау - болашақтың бағдары
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында ел дамуының басым бағыттарын айқындап, әлеуметтік- экономикалық өсімді қамтамасыз етуге арналған бірқатар міндеттерді белгіледі.
Осы басымдықтарды халыққа түсіндіру және алдағы жұмыстардың маңызын жеткізу мақсатында құрылған ақпараттық топ оқушылар сарайында ұстаздармен кездесті.Жол, тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау нысандарының қолжетімділігі - өмір сапасын айқындайтын маңызды көрсеткіштер. Сондықтан Президент Жолдауда әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға басымдық берді. Атап айтқанда жолдар мен көлік нысандарын жаңарту, медициналық мекемелер салу, ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу, сондай-ақ, спорт кешендерін салу қажеттігі айтылды. Маңызды құжатта айтылған тағы бір мәселе Қазақстанда цифрлық экономика құру міндеті. Ендігі кезекте белгіленген басымдықтарды нақты іске асырып, әрбір бастаманың нәтижесін күнделікті өмірде қолдану керек.