Әскери мектеп – патриоттық тәрбие бастауы
Елімізде әскери салаға кешенді реформа жүргізілуде. Бұл орайда болашақ сардарлар мен сарбаздар ордасы – әскери мектептің алар орыны ерек. Жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, олардың бойында тәртіп пен жауапкершілік қалыптастыру –бағытында Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп те жұмыс істеп жатыр. Мұнда темірдей тәртіптен бөлек, заманауи технологияны да меңгеруге мықтап ден қойған.