Негізгі Жаңалықтар Шаруаның 300 қойы ұрланды

Шаруаның 300 қойы ұрланды

Полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, ұсақ мал ұрлығына қатысы бар екі күдіктіні қолға түсірді. Күдіктілер ұрланған малды Түркістан облысындағы базарға жеткізуді жоспарлаған. 

Мал ұрлығы Байзақ ауданының Сарыбарақ ауылындағы шаруа қожалығының қорасынан түнгі уақытта болған. Қожайынның жоқтығын пайдаланған күдіктілер қойларды көршілес қараусыз қалған шаруа қожалығының аумағына айдап апарған. Кейін малды жүк көлігіне тиеп, күдіктілердің бірінің үйіне жеткізген. Барлығы 300 бас мал ұрланған. Ұрланған малды Түркістан облысына әкету әрекетінің жолы кесілді. Нәтижесінде тасжолда қой тиелген екі жүк көлігі тоқтатылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кетейік, бұған дейін аймақта 34 млн теңгенің малы қолды болған.

Бөлісу