24 миллион теңгенің жылқысын ұрлаған
Жамбыл облысында 24 миллион теңгенің жылқысын қолды қылған күдікті ұсталды. 44 жастағы азамат Тұрар Рысқұлов ауданындағы құмды алқапта қараусыз жүрген 16 бас жылқыны өз атына мініп, айдап әкеткен.
Тергеу барысында оның ұрланған малдың жетеуін сойып, етін саудалағаны анықталды. Салдарынан жылқы иесіне 24 миллион теңге көлемінде шығын келген. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша аса ірі мөлшерде мал ұрлау бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері мал иелерін сақтыққа шақырып, төрт түлікті қараусыз қалдырмауды ескертеді.