Ауылдағы шаруа алып шабдалы өсірді
Жамбыл облысы, Меркі ауылының тұрғыны ауқымы адам алақанына симайтын алып шабдалы өсірді. Жемістің бір данасының салмағы 775 граммға жеткен. Мамандар бұл елімізде бау-бақ өсіруде бұрын-соңды болмаған көрсеткіш дейді. Ал әлемдік рекорд былтыр АҚШ-тың Вирджиня штатында тіркеліп, 830 грамм шабдалы Гиннеске енген еді.