Негізгі Жаңалықтар 9 мыңдай тыйым салынған зат тәркіленді

9 мыңдай тыйым салынған зат тәркіленді

Жамбыл облысында жүргізілген профилактикалық рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері тұрғындардан 9 199 пышақ, кастет және өзге де тыйым салынған заттарды тәркіледі. Мұндай заттар қылмыс құралына айналып, айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Оларды уақтылы тәркілеу жанжал кезінде қолданылуының алдын алып, ауыр зардаптардың болу қаупін азайтады.


Бөлісу