Бюджет қаржысы импортқа емес, отандық өнімге жұмсалады
Made in Kazakhstan... Енді отандық киім-кешектер сәнге айналады. Мемлекет елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамытуға білек сыбана кіріспек. Нақтырақ айтсақ, отандық шикізатты пайдаланатын кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Бүгін Премьер-министр әкімдерге бюджет ақшасын импортқа емес, елде шығатын өнімдерге бағыттауды міндеттеді. Бұдан былай Қазақстандағы ірі компаниялар да қазақстандық тауарларды пайдаланады.