Жолдардың қыс мерзіміне әзірлігі пысықталды
Қыс жақындаған сайын автомобиль жолдарының қауіпсіздігіне қойылатын талап та күшейеді. Әсіресе, қарлы-боранды күндері жолдарды уақтылы тазалап, көктайғақтың алдын алу маңызды. Жамбыл облысында жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы кезеңде күтіп ұстауға дайындық қалай? Бұл мәселе облыс әкімінің төрағалығымен өткен арнайы кеңесте қаралды.