Конституциялық сотқа 18 мыңнан астам өтініш түскен
Конституциялық Сотқа 18 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 99 пайызға жуығын азаматтар жолдаған. Бұл туралы Конституциялық Сот төрағасы Эльвира Әзімова бүгін Құрылтай отырысында айтты. Контитуциялық соттың дерегінше 14 норма Конституцияға қайшы деп танылып, қолданыстағы заңдардан алынып тасталған. Прокуратура шығарған 85 акт нәтижесінде мыңнан астам азаматтың құқығы қорғалып, 40 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылған. Эльвира Әзімова жаңа Конституцияға сай азаматтық, қылмыстық және әкімшілік заңнаманы жетілдіру қажет екенін айтты.