Заң мен тәртіп – қоғам игілігі
Меркі ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында оқушылар арасында құқықбұзушылықтың, буллингтің және кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған кеңейтілген профилактикалық кездесу өтті. Алқалы жиынға Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мұхтар Аманбеков арнайы барып қатысты. Сондай-ақ, ауданның құзырлы органдардың қызметкерлері, білім саласының мамандары, мектеп директорлары, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар қатысты.