Негізгі Жаңалықтар Мемлекеттік рәміздер сатандартқа сай ма?

Мемлекеттік рәміздер сатандартқа сай ма?

Мемлекеттік рәміздер – елдіктің айғағы, тәуелсіздіктің тұғыры. Оларды құрметтеу ғана емес, заң талаптарына сай қолдану да маңызды. «Бақытты болашақ» оқушылар сарайында мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған семинар өтті. Жиында мемлекеттік мекемелерде Ту мен Елтаңбаны орналастыру, Әнұран мәтінін рәсімдеу талаптары түсіндірілді. Заңнамаға сәйкес, олардың орналасу реті сақталып, көк түсті фон мен алтын түсті жазулар қолданылуы тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік нышандардың ұлттық стандартқа сәйкестігі мен оларды пайдалану кезіндегі жауапкершілік мәселелері талқыланды. Семинардың мақсаты – мемлекеттік мекемелерде рәміздерді қолдану мәдениетін қалыптастырып, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.


Бөлісу