Президент аграрлық несие шарттарын жеңілдетуді тапсырды
Несие төлеу үшін өнімін арзанға сатуға мәжбүр болған шаруалардың мәселесі шешілуі тиіс. Президент Үкімет пен Ауыл шаруашылығы министрлігіне осындай тапсырма берді. Астанада ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумы өтті. Жиынға 2 мыңннан аса сала өкілі қатысты. Мемлекет басшысының сөзінше қазір кей фермерлер қарыздың алғашқы төлемін өтеу үшін астығын орақтан кейін бірден сатуға мәжбүр. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев екінші деңгейлі банктерді аграрлық секторды қаржыландыруға белсенді тартуды ұсынды. Несие ұзақ мерзімге беріліп, төлем кестесі шаруаның табыс табатын маусымына сай жасалуы қажет. Президент несие алудың күрделі тәртібін де сынға алды. Шаруалар қаржы алу үшін ұзақ рәсімдерден өтуге мәжбүр. Енді олардың қарызды өтеу қабілетін бағалайтын цифрлық жүйе енгізу ұсынылды. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін қысқартып, қаржыландыруды қолжетімді етуге бағытталған. Сонымен бірге Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығына бөлінген қаржы мақсатты әрі тиімді жұмсалуы керегін ескертті. Сонымен қатар Президент ауыл шаруашылығына қатысты барлық бағдарламаны тексеруді тапсырды