Қауіпсіз орта – сапалы білім кепілі
Оқушының бойына жауапкершілік пен тәртіп мәдениетін сіңіруде мектептің рөлі зор. Бала өзін қауіпсіз сезінген жерде ғана еркін ойлап, сапалы білім алады. Ал қауіпсіз орта өздігінен қалыптаспайтыны бесенеден белгілі. Бұл ретте ата-ана, мектеп, құқық қорғау органдары мен өзге де жауапты тұлғалардың бірлескен одағы ғана нақты нәтиже берері сөзсіз. Мемлекет басшысы айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидаты жалпы, білім мекемелерінде қалай жүзеге асырылуда? Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының барысы қандай?