«Әулие-ата» әуежайында инфрақұрылым жаңғыруда
«Әулие-ата» әуежайында инфрақұрылым жаңғыруда. Жақында ғана апаттық құтқару қызметінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Мамандар әуежайды жаңғыртып, әлеуетін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасмады деп отыр.
Әуежай тарихы 1946 жылдан басталады. Содан бері әуе айлағы өңірді еліміздің өзге қалаларымен байланыстыратын маңызды көлік нысанына айналды. Осы жылдар ішінде мұнда бірнеше рет жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағы мен терминал кешені жаңартылып, әуежайдың өткізу қабілеті мен жолаушыларға қызмет көрсету сапасы артты.