Аймақта 116 инвестжоба жүзеге асуда
Жамбылда өндіріс өрісін кеңейтетін жаңа жобалардың легі артты. Жыл басынан бері өңір экономикасына 621 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылған. Ал тікелей шетелдік инвестиция өсімі бойынша облыс Республикада алдыңғы қатарға шықты. Қазір аймақта жалпы құны 5,6 триллион теңгені құрайтын 116 жоба жүзеге асырылып жатыр. Энергетикадан металлургияға, ауыл шаруашылығынан қалдықтарды қайта өңдеуге дейінгі ауқымды жобалар өңірдің өндірістік әлеуетін жаңа деңгейге көтермек.