Негізгі Жаңалықтар Азаматтардың амандығы – адал қызметтің өлшемі

Азаматтардың амандығы – адал қызметтің өлшемі

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанның құқық қорғау жүйесі үлкен өзгерістерді бастан өткерді. Мемлекеттік қауіпсіздікті күшейту, қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың тыныштығын қорғау — бүгінде жаңа мазмұнға ие міндеттер. «Заң мен тәртіп» қағидаты – жай ғана ұғым емес. Бұл – мемлекеттің қауіпсіздігі мен әр азаматтың тыныштығын қамтамасыз ететін берік негіз. Сол өзгерістердің ең алдыңғы шебінде учаскелік инспекторлар. Жамбыл ауданында дәл осы қызметтің абыройын асқақтатып жүрген инспектор бар. Оның бір күні — бір ауылдың ғана емес, шекараға жақын жатқан тұтас аймақтың қауіпсіздігімен тікелей байланысты.


Бөлісу