Негізгі Жаңалықтар Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

Жамбылда полиция 240 есірткі жарнамасын өшірді

Жамбыл облысында жыл басынан бері 240 есірткі жарнамасы бар граффити жазуы жойылды. Бұл жұмыстар есірткінің заңсыз айналымын болдырмау, алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жалғасуда.

«Таза Қазақстан» акциясы барысында Жамбыл облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және қалалық «Жастар орталығы», қоғамдық белсенділердің қатысуымен есірткі құралдарын насихаттайтын граффити жазуларын өшірді. Заңсыз граффитилердің басым бөлігінде есірткі заттарын сатуға немесе таратуға қатысты интернет-ресурстар мен байланыс арналары көрсетіледі. Мұндай жазуларды дер кезінде анықтап, жою – есірткінің таралуының алдын алудың маңызды бағыттарының бірі — дейді орган қызметкерлері. Полиция есірткі жарнамасын дер кезінде анықтап, жоюға және оның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды жалғастырады.

Бөлісу