Президент өзара сауданы $20 млрд-қа жеткізуді ұсынды
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері мен Әзербайжан арасындағы өзара сауданы 20 миллиард долларға жеткізуді ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастаманы Түрікменстанның Аваза қаласында өткен мемлекет басшыларының Консультативтік кездесуінде көтерді. Мемлекет басшысы көлік дәліздерін дамыту, трансшекаралық су қорын бірлесіп пайдалану және жасанды интеллект қауіпсіздігіне қатысты да ұсыныстарын жеткізді.