Бір отбасы – екі мұғалім – бір мамандық
Бір отбасыдан шыққан. Бір мамандықты меңгерген. Бір мектепте жұмыс істейді. Екеуі де бір пәннен сабақ береді. Бұл әпкелі – сіңлілі Татьяна мен Людмилалар.
Бір мектепте еңбек ететін қос ұстаздың мамандығы да, тағдыры да ортақ. №40 гимназияда тарих пәнінен сабақ беретін әпкелі-сіңлілі мұғалімдер үшін бұл пән — жай ғана сабақ емес. Олар өткенді оқыта отырып, шәкірттеріне бүгінді түсінуге жол көрсетеді.