Жер кезегінде тұрғандар 260 мыңнан асып кетті
Жамбыл облысында жер теліміне кезекке тұрғандар саны жүз отыз мыңнан асып кетті. Бірақ бірталай жылдан бері әлі де мемлекеттік жер қорынан ешкімге участок үлестіріліп жатқан жоқ. Баспанаға мұқтаждардың қатары да жылдан жылға артып келеді.
Облыс халқы қазір 1 млн. 211 мың адамға жетті. Халық санының артуы жер мен баспанаға деген қажеттіліктің күрт өсуіне әкеліп отыр. Бізде тұрғын үй құрылысы қарқынды, бірақ бұл баспанаға мұқтаждардың мәселесін толықтай шешіп отыр деген сөз емес. Қазір аудандарды айтпағанда, бір ғана Тараздың өзінде пәтер кезегінде тұрғандар 68 мыңнан асып кетті.