Есенин шығармашылығы насихатталды
Таразда белгілі ақын Сергей Есениннің туған күніне орай оның шығармашылығына арналған іс-шара өтті. Достық үйінде «Тараз – Константиново: Есенин туралы диалог» атты телекөпір ұйымдастырылды. Қатысушылар Есенин шығармашылығына тоқталып, мәдени жобалар мен жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін сөз етті.