Негізгі Жаңалықтар Exit poll нәтижесі

Exit poll нәтижесі

Кешегі Құрылтай депутаттары сайлауында дауыс берудің Exit poll нәтижесін жариялады.

Еуразиялық интеграция институты жүргізген Еxit poll қорытындысы бойынша, «Әділет» партиясы — 71,8 пайызбен көш басында тұр. Одан кейін «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы — 6,4 пайыз, Respublica партиясы — 5,4 пайыз, Қазақстан халық партиясы — 3 пайыз, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы — 5,1, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — 5,2 және «Байтақ» жасылдар партиясы — 1 пайыз. Ал, «Бәріне қарсымын» бағаны — 2,1 пайыз. OSI қоғамдық саясат институты да жүргізген экзитполдың нәтижесін жариялады. Мұнда да партиялардың реті бірдей және жинаған пайыздарында айырмашылық айтарлықтай жоқ. Бұдан бөлек, «Социс-А» Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты Құрылтай сайлауында жүргізген Exit poll нәтижесін ұсынды. Сауалнама қорытындысына сәйкес, сайлаушылардың дауысы бойынша мұнда «Әділет» партиясы — 70,7 пайыз жиғанаған, «Ауыл»— 6,4, «Respublica»— 5,5, «Ақ жол» — 5,4, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия — тура 5, Қазақстан Халық партиясы 3,2 және «Байтақ» — 1,2 пайыз жинаған. Ал, «Барлығына қарсымын» нұсқасын таңдағандар үлесі — 2,6 пайыз болған.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар