Құрылтай сайлауы – елдік мерекеге айналды
Ел тарихында елеулі оқиға боп қалатын Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауы ойдағыдай аяқталды. Маңызды науқанда Жамбылдықтар да белсенділік танытты. Кәмелеттік жасқа толғандардан бастап, еңкейген қарияға дейін сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.
Жамбыл облысында сайлау күні 520 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлау процесін ұйымдастыруға 12 аумақтық және 520 учаскелік сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Олардың құрамында 3 мың 702 комиссия мүшесі бар. Барлық учаске таңғы сағат жетіде дауыс берушілерге есігін айқара ашты.