Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
Қазақстандағы жолдардың сапасы жасанды интеллектінің көмегімен бақыланады. Көлік министрлігі Е-жолдар цифрлық жүйесіне 12 түрлі базаның ақпаратын енгізіп, сараптама жүргізуді бастады. Ал, арнайы жарақтандырылған көліктер камералар мен сканерлердің көмегімен күнделікті бақылау жүргізеді. Ол жолдың тегістігін, жолақтардың айқындығын, белгілердің стандарттарға сай орнатылғандығын тексреді. Жиналған деректердің негізінде жасанды интеллект жолдың қай бөлігіне жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігі туралы ұсыныс жасайды. Бұл жүйе халықтың өтініштерін де жылдам өңдеп, жол сапасына қатысты шағымдарын есепке алады.