Қазақ күресінен Оспан Сауранбаевты еске алуға арналған облыс біріншілігі өтті
Қазақ күресінен 2013-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында соғыс және еңбек ардагері Оспан Хатиұлы Сауранбаевты еске алуға арналған облыстық турнир өтті. Шу ауданының Белбасар ауылында өткен белдесуге Тараз қаласы мен барлық аудандардан келген 250- ден астам спортшы қатысып, жарыстың көркін қыздырды.