Бір мезетте 50- ге жуық түрік диаспорасының өкілдері таңдау жасады
Түрік диаспорасының өкілдері де ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан шет қалмай, өз таңдауларын жасады. №123 сайлау учаскесіне бір мезетте 50-ге жуық дауыс беруші келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді. Аталған учаскеде барлығы 2527 сайлаушы тіркелген.
Дауыс берушілер қатарында жасы 84-тегі ақсақал да болды. Ақ жаулықты әжелер мен ел ағаларының ақ батасын алып, сайлауға келген қария елге деген ізгі тілегін жеткізді. Сайлау учаскесінде тұрғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін патриоттық әндер шырқалып, мерекелік көңіл күй қалыптасты. Диаспора өкілдері елдің ертеңіне сенім білдіріп, өз әсерлерімен бөлісті.