Негізгі Жаңалықтар Облыс әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Облыс әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Бүгін – ел өміріндегі маңызды күн. Құрылтайдың алғашқы сайлауы өтіп жатыр. Бұл – ұлт тағдырына тікелей әсер ететін тарихи оқиға. Саяси науқанға жамбылдықтар да белсене қатысып, өз таңдауларын жасауда. Өйткені әр дауыс – азаматтың өз ұстанымын білдіруі болса, әр таңдау – ел болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев те Тараз қаласындағы №35 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар