Жеңіс саябағы жаңарады
Жеңіс саябағы жаңғырады! Қала билігі тарихи нысанды жаңғыртудың эскиздік жобасын ұсынып, тұрғындардың талқысына шығарды. Жоспарда жасыл желекті көбейтіп, серуендеуге және тынығуға қолайлы орта қалыптастыру қарастырылған. Алайда саябақтағы аттракциондардың тағдыры көпшілік арасында қызу пікір туғызды.