Балаларға жайлы жағдай – басты назарда
Білім мен тәрбиені ұштастырған заманауи мектепке дейінгі тәрбие ошақтары бүгінде ауыл-аймақтарда да көбейіп келеді. Соның бірі – Меркі ауданындағы Кеңес ауылында бүлдіршіндерге сапалы тәрбие мен тағылымды білім беріп отырған бөбекжай бақшасы. 2022 жылдың 25 қаңтарында өз жұмысын бастап, ол аз уақыт ішінде ауылдағы ата-аналардың сеніміне ие болған білім мен тәрбие ордасына айналды.