Негізгі Жаңалықтар Ғалымжан Қырықбай – «Қазақстан барысы – 2026» турнирінің күміс жүлдегері

Ғалымжан Қырықбай – «Қазақстан барысы – 2026» турнирінің күміс жүлдегері

Астанада Республикалық «Қазақстан барысы – 2026» турнирі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада Жамбыл облысының намысын қорғаған Ғалымжан Қырықбай жоғары нәтиже көрсетіп, күміс жүлдені жеңіп алды. Жартылай финалдық белдесуде ол Шымкент қаласының өкілі Нұрсұлтан Қожағелдіұлын айқын басымдықпен жеңді. Алыптар аламанынан жүлдемен оралған жерлесімізді Тараз теміржол вокзалында туған-туыстары мен жанкүйерлері зор құрметпен қарсы алды.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар