Ашық аспан астындағы кітапхана
Таразда кітапхана дәстүрлі ғимараттан шығып, оқырманмен ашық аспан астында жүздесті. Қ. Рысқұлбеков атындағы саябақта «Кітап әлемі: ойлы ұрпақ алаңы» атты кітапханалық вайб шарасы өтті. Мәдени шараның мақсаты – кітап оқуға қызығушылықты арттырып, оқу мәдениетін қалыптастыру.