Спорт күніне орай облыстық спартакиада өтті
Спорт күні қарсаңында «Тараз-Арена» кешенінде спорт саласының қызметкерлері арасында облыстық спартакиада ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды мақсат еткен жарысқа спорт ұйымдарының мамандары қатысты. Тартыс дода 2 күнге созылып, жеңіске жеткендер күні кеше қаржылай сыйлықтармен марапатталды.