Жастар күніне орай мерекелік концерт өтті
Таразда Халықаралық жастар күніне орай мерекелік концерт өтті. Тұңғыш Президент саябағына жиналған қала тұрғындары мен қонақтарына отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Жастарды мерекемен қала әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.