Құрылтай сайлауы: Әмірліктерде 2 дауыс беру учаскесі ашылады
Құрылтай сайлауы күні Біріккен Араб Әмірліктерінде екі дауыс беру учаскесі ашылады. Оның біріншісі Абу Дабиде, екіншісі Дубайда орналасқан. Яғни өзге елде жүрген отандастарымыз саяси науқанға қатысып, таңдау жасай алады. Шетелде азаматтық позициясын білдіруге ниеттілердің саны көп. Елшілік пен консулдыққа хабарласып, ресми тіркеуге тұрып жатыр. ШЫҒАНАҚ жеріне жұмыс бабымен немесе саяхаттап келген барлық қазақстандық ресми тіркеуде болмаса да сайлауға қатысуға құқылы. Ол үшін төлқұжат не жеке куәлік болса жеткілікті. Бастысы, мерзімі өтпеген болуы тиіс. Елшілік ақпаратынша, қазір консулдық есепте 400-ге жуық Қазақстан азаматы бар.