Абайға арналған ән кеші
Бір сәтке көз алдыңызға Абай өмір сүрген дәуірді елестетіп көріңіз. Ал енді сол заманда жазылған өлеңдердің бүгінгі жастардың орындауында шырқалғанын ойлаңыз. Таразда дәл осындай ерекше кеш өтті. Жеңіс саябағында әуезді ән мен ақынның асыл сөзі тоғысып, Абай әлемі қайта жаңғырды. Жас өнерпаздар сахнаға шығып, ұлы ақынның шығармаларын әнмен өрнектеді. Бірі дауысымен тәнті етсе, енді бірі музыкалық шеберлігімен көрерменнің ықыласына бөленді.