Негізгі Жаңалықтар Талас тұрғындарның 45%-ы спортты серік етеді

Талас тұрғындарның 45%-ы спортты серік етеді

Талас ауданында спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындар саны 20 мыңнан асты. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш аудан халқының 45 пайызын құрап отыр. Бүгінде елді мекендерде тұрғындардың дене шынықтырумен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін 227 спорт нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 1 стадион, 5 спорт кешені, 75 футбол алаңы, 99 спорт алаңшасы және 47 спорт залы бар.


Бөлісу