Негізгі Жаңалықтар Мектептерде медициналық тексеру жүйесі жаңартылады

Мектептерде медициналық тексеру жүйесі жаңартылады

Қазақстанда мектеп оқушыларын профилактикалық медициналық тексеруден өткізу жүйесі жаңартылады. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа форматты 1 қыркүйектен бастап еліміздегі барлық мектептерінде кезең-кезеңімен енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа жүйенің негізгі ерекшелігі – профилактикалық тексерулерді толық цифрландыру. Әр оқушыға электрондық денсаулық паспорты жасалып, оның денсаулығына қатысты барлық мәлімет ақпараттық жүйеге енгізіледі. Бұл балалардың денсаулығын жүйелі бақылауға және ауруларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар ерекше білім беру қажеттіліктері бар және мүгедектігі бар балаларды медициналық бақылауы күшейтіледі.


Бөлісу