Тамыз ҰБТ-сы басталды
Бүгін тамыз ҰБТ-сы басталды. Ол 14-не дейін жалғасады. Тесті тапсыруға 30 мыңнан астам адам өтініш берген. Олардың 65%-ы қазақ тілінде тест тапсыруға ниет білдірді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тамыз ҰБТ-сына биылғы және өткен жылдардағы мектеп пен колледж түлектері, қандастар, шетелде орта білім алған түлектер, шығармашылық білім беру бағдарламаларынан басқа даярлау бағыттарына ауысқысы келетін студенттер, сондай-ақ алдыңғы оқу жылында шекті балл жинамаған және ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылданғандар қатысады.