7 тамыз – Бойдақтар күні
Үйлену – өмірдегі ең маңызды шешімдердің бірі. Алайда бүгінде бұл қадамға асықпайтындар көбейген. Бірі мансапты таңдаса, енді бірі әлі өз жұбын жолықтырмаған. Ал кейбірі бойдақтықты еркін өмірдің символы деп санайды. Осыған орай әлемнің бірқатар елінде 7 тамыз – Бойдақтар күні ретінде аталып өтеді.