Негізгі Жаңалықтар Рақымшылық: Жазасын өтеушілерге жаңа мүмкіндік

Рақымшылық: Жазасын өтеушілерге жаңа мүмкіндік

2026 жылдың 1-ші шілдесінде қабылданған «Рақымшылық жасау туралы» заң – әділет пен адамгершілікті ұштастырған мәнді бастама. Рақымшылық – заңның ізгілігін, мемлекеттің мейірімін және әділеттің салтанатын айқындайтын маңызды құқықтық тетік. Оның басты мұраты – қоғамнан оқшаулауды емес, азаматқа жаңа мүмкіндік беруді көздейді. Еліміз еңсесін тіктегелі 11- рет ізгілік актісі жарияланып отыр. Биылғы кеңшілік қазақ тарихында тұңғыш рет жасалған әкімшілік рақымшылық. Тіпті бұл ТМД елдері арасындағы алғашқы тәжірибе. Күні бүгінгі дейін ел көлемінде кеңшілікке ілініп 620 адам бостандыққа шықты.


Бөлісу