Сарысуда бюджет қаржысы тиімсіз жұмсалған
Сарысу ауданында мемлекеттік ресурстардың пайдаланылу тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізілді. Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясының мамандары 12 мемлекеттік мекеме мен 1 кәсіпорынды қамтыған тексеру барысында бірқатар заңбұзушылықтарды анықтады. Аудит қорытындысы бүгін арнайы отырыста қаралды.