Отбасы құндылығы – қоғам тұрақтылығының негізі
Отбасы – адам баласының өмірге алғаш қадам басатын, тәрбие мен тағылымды бойына сіңіретін қасиетті шаңырақ. Берекелі отбасы – берік қоғамның негізі. Осыны арқау еткен Жамбыл ауданында «Отбасы құндылығы – қоғам тұрақтылығының негізі» атты форум өтті.