Алаяқтардың арбауына түсіп қалмаңыз!
Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтардың жалған хаттар таратуы әлі де жалғасып жатқанын хабарлайды. Қаскөйлер мемлекеттік органға жолданған хатта тексеру жүргізіліп жатқанын алға тартады. Сөйтіп азамат туралы мәліметтерін, оның мінездемесі мен өзге де ақпаратты сұратқан.
Бұған дейін де алаяқтар осыған ұқсас тәсілді қолданған. Олар жалған хаттарды жібергеннен кейін азаматтарға телефон немесе мессенджер арқылы хабарласып, өздерін қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ретінде таныстырған. Түрлі сылтаумен азаматтардың жеке және банк деректерін алуға тырысқан немесе ақша бопсалаған. Агенттік азаматтар мен ұйымдарды сақ болуға және алаяқтардың айласына түспеуге шақырады.