Бақытжан Советұлы 60 жаста
Журналист, сатирик, қаламгер. Отандық медиа саласы мен балалар әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар ақын Б.Советұлы асқаралы 60 жасқа толды. Алпыс асу — алға басқан алымды еңбектің айғағы. Қалам мен камераны қатар ұстаған қаламгер телеарна мен радио саласында ұзақ жылдар бойы қоғамға ақпар таратудан жалыққан емес. Күні бүгінге дейін редактор ретінде сөз саптап, саралап, салмақты дүниелердің сапасына жауап беріп келеді. Сатираға да серік болған журналистің шығармаларында қоғамның өзекті мәселелері сын таразысына түсті. Әлі де айтары көп. Алпысты алқымдаған Б.Советұлын бүгін «Жамбыл» телеарнасының ұжымы құттықтап, ізгі тілегін жеткізіп, сый құрметін көрсетті.