Заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді
Жастардың құқықтық сауаттылығы – қауіпсіз қоғам қалыптастыруда маңызды. Өңірде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында студенттермен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кездесу өткізілді.
Жиынға полиция қызметкерлері мен 100-ге жуық студент қатысты. Кездесуде жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары және заң алдындағы жауапкершілік түсіндірілді. Тәртіп сақшылары студенттерді өз құқықтары мен міндеттерін білуге, құқықбұзушылыққа жол бермеуге шақырды. Жиын соңында жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, еркін форматта пікір алмасты. Заңды білу және оны құрметтеу әр азаматтың жауапкершілігінен басталады. Сондықтан мұндай кездесулердің жастар үшін маңызы зор,- дейді сала мамандары.