Негізгі Жаңалықтар Күзгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Күзгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Жамбылда 3,6 млн. тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жоспарланып отыр. Биыл өңірде қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз етуге басымдық берілді. Агроөнеркәсіп кешені ағымдағы маусымды жоғары нәтижемен аяқтауға ниетті.

Жалпы аймақта егіс алқаптарының көлемі 654,9 мың гектарды құрайды.Оның басым бөлігіне дәнді дақылдар мен қант қызылшалары егілген. Ал жүгері өңдеуге қытайлық Fufeng Group комапаниясының кешені тартылды. Жоба құны – 800 млрд теңге. Одан бөлек «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 306 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге жалпы сомасы 9,0 млрд теңге несие берілді.

Бөлісу