Екі жылжымалы медициналық кешен берілді
Енді шалғайдағы тұрғындар үшін медициналық көмек қолжетімді болмақ. Ауылдағы ағайын қалаға сабылмай-ақ, медициналық тексеруден өте алады. Жамбылда құны 1 млрд теңгеден асатын екі жылжымалы медициналық кешен пайдалануға берілді. Бүгін облыстық онкологиялық орталыққа аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев көшпелі емхананы салтанатты түрде табыстады.
Жамбыл өңіріне 1,1 млрд теңгеге екі жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Бұл кешен облыс тұрғындарына, әсіресе шалғай елдімекендерде тұратын азаматтарға үлкен көмек болып отыр. Әсіресе, онкологиялық ауруларды ерте анықтау бағытында олардың маңызы зор.Жаңа көшпелі кешендер «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен сатып алынды.