«Таза Қазақстан» — тазалық пен тәртіптің кепілі
Меркі ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде «Таза Қазақстан» акциясының орындалу барысы бойынша кеңес өтті. Жиынның негізгі мақсаты - елді мекендердің тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау және тұрғындар арасында тазалық пен қоғамдық тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Сондай ақ, экологиялық акция аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мәселелері талқыланды.
Жиында елді мекендердің тазалығын сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізудің маңыздылығы айтылды. Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық орындарда тазалық сақтау, абаттандыру талаптарын орындау және ортақ тәртіпті сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.