Болат жолдағы берекелі әулет
Бір шаңырақтың бірнеше буыны ел игілігі үшін бір салада еңбек етсе, бұл – нағыз еңбекке құрылған әулеттің тарихы. Бектасовтар әулеті – соның дәлелі. Бектасовтар әулетінің тарихы теміржолмен біте қайнасқан. Әулеттің негізін қалаған Күмісхан Қазанбайұлы еңбек жолын теміржол саласында бастап, 1966 жылы Түлкібас стансасында болашақ жары Ұлмекен Ортайқызымен танысады. Ортақ еңбек ортақ өмірге ұласып, екеуі шаңырақ көтеріп, бес перзент тәрбиелеп өсіреді. Бүгінде Ұлмекен Бектасова – әулеттің алтын қазығы. Ол 13 немере мен 13 шөберенің сүйікті әжесі.