Меркіліктер чемпионды құрметпен қарсы алды
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан қос жүлде иеленген меркілік спортшы Абзал Тұлыбековті жерлестері құрметпен қарсы алды. Жеңіспен елге оралған чемпионды Жамбыл ауылының жұртшылығы Сыпатай батыр ескерткішінің маңында қарсы алып, ақ дастархан жайды.